Алматы қаласында 2026 жылдың 3 сәуірінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің Педагогика және психология факультетінің ұйымдастыруымен “Аутодеструктивті мінез-құлықтың қазіргі аспектілері: проблемалар, тәуекелдер және түзету” тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізілді.
Ғылым апталығы аясында өткен басқосуға Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің психолог мамандары да қатысып, психология ғылымдары саласының профессорлары, сот-медициналық сарапшыларының сот медицинасындағы патологиялық анатомия, жалпы және қолданбалы психология тақырыптарына жасаған құнды баяндамаларын тыңдады.
Дөңгелек үстелге сондай-ақ Беларусь Республикасының танымал психолог ғалымдары да қатысып, Беларусь Республикасындағы психологтардың жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1196989?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау