АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 150-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 150-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

🔷 Шымкент қаласының әкімдігінде кезекті азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдау барысында тұрғындар өзекті мәселелерін көтеріп, тиісті мамандардың түсіндіруін тыңдады. Күн бойы қала әкімі, басқарма басшылары және аудан әкімдері 150-ден астам азаматты қабылдады.

🔷 Барлық өтініш мұқият қаралып, әрқайсысы бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешу жолдары ұсынылды. Қажет болған жағдайда азаматтарға алдағы әрекеттері мен уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәртібі де түсіндірілді.

🔷 Ең жиі көтерілген мәселелер тұрғын үй және жер қатынастары, халықты әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс саласы және денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты болды. Өтініштердің бір бөлігі қосымша қарау және кейін шешім қабылдау мақсатында жауапты мамандардың жұмыс барысына алынды.

🔷 Айта кету керек, мұндай қабылдауларды өткізу халықпен кері байланысты нығайтуға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және азаматтардың сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1196878?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version