Бәйшегір ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Бәйшегір ауылдық округі әкім аппаратының қызметкерлері, мәдениет саласының мамандары, Абай атындағы орта мектеп ұжымы, спорт кешенінің қызметкерлері, Алмалы ауруханасы мен өрт сөндіру қызметінің мамандары бірлесіп сенбілік жұмыстарын өткізді.
Аталған іс-шара барысында Үштөбе–Алмалы бағытындағы автомобиль жолының бойы қоқыстардан тазартылып, айналасы абаттандырылды. Сонымен қатар, Мықтыбек батыр кесенесінде сырлау жұмыстары жүргізіліп, оның аумағы толықтай тазаланып, ретке келтірілді.
Бұл игі шара қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, табиғатты қорғауға және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Шараның негізгі мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартып, олардың көркін арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1197599?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version