Болашақ чемпиондардың киберқалқаны: ШҚО полицейлері Олимпиадалық резерв колледжінде интерактивті кездесу өткізді
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Олимпиадалық резерв колледжінің тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өткізді. «Цифрлық интенсив» форматындағы шараға 130 жас спортшы — тек спортта ғана емес, цифрлық кеңістікте де қорғалуы маңызды болашақ чемпиондар қатысты.
Кездесу бағдарламасы заманауи интернет-қатерлерді ескере отырып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды және оқушыларға ақпараттық гигиена негіздері мен желідегі қауіп-қатерлер туралы еске салды.
Жиын барысында сарапшы-теолог әлеуметтік желілердегі арбаушылардың әрекет ету әдістерін нақты мысалдармен түсіндіріп, сыни ойлаудың маңыздылығын атап өтсе, киберполиция қызметкері Мәди Қойшыбаев интернет-алаяқтықтың танымал схемаларын егжей-тегжейлі талдап берді. Сонымен қатар, маман «дропперлік» мәселесіне ерекше тоқталып, банктік карталарды үшінші тұлғаларға берудің арты ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертті.
Кездесудің ең жандандырылған бөлігі спортшылар фишингті тануды, күдікті жағдайларды сараптауды және жеке деректерін қорғауды үйренген интерактивті практикум форматында өтті. Мұндай тәсіл білімді іс жүзінде бірден қолдануға мүмкіндік берді.
Шара соңында ең белсенді қатысушылар марапатталып, ұйымдастырушылар спорттағы тәртіп пен жауапкершілік цифрлық қауіпсіздікпен ұштасуы керектігін, өйткені қорғаныс тек аренада ғана емес, күнделікті өмірде де маңызды екенін жеткізді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1196943?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау