“Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Талдықорған қаласындағы “Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандумның негізгі мақсаты – ауыл және қала мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайту, оқу үдерісінің тиімділігін арттыру және дарынды оқушыларды қолдаудың заманауи тетіктерін бірлесіп дамыту болып табылады.
Меморандум аясында тараптар педагогикалық тәжірибе алмасу, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру, сондай-ақ оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, ынтымақтастық шеңберінде білім беру саласындағы озық тәжірибелерді енгізу, инновациялық әдістерді қолдану және оқыту сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1197144?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау