ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ТӘРТІП БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібековтың төрағалығымен орындаушылық тәртіптің сақталуы, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын уақтылы әрі сапалы қарау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған мәжіліс өтті.
Жиын барысында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге жүргізілген талдау нәтижелері тыңдалды. Өтініштердің басым бөлігі коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қатынастары, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы салаларына тиесілі екені атап өтілді.
Сонымен қатар, мәжілісте қала әкімінің халықпен кездесулері мен азаматтарды жеке қабылдау қорытындылары қаралып, бұл бағыттағы бақылауды күшейту қажеттігі айтылды. Заң аясында түсіндірілген және орындалуы мүмкін емес мәселелер бойынша да нақты мәліметтер ұсынылды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Қуаныш Нұржанұлы барлық жауапты мекемелерге орындаушылық тәртіпті күшейтіп, азаматтармен кері байланысты тиімді ұйымдастыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде қатаң тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1197244?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version