Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренованың төрағалығымен аудандар мен қалалар әкімдері орынбасарларының қатысуымен отбасының цифрлық картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Ағымдағы жағдайды талдау және отбасының цифрлық картасы шеңберінде (Бурабай ауданының мысалында) D және E санаттарындағы отбасылармен атаулы жұмыс тетіктерін сынақтан өткізу мәселелері қаралды.
Кеңеске жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат басқармаларының, сондай-ақ мемлекеттік кірістер және полиция департаменттерінің өкілдері қатысты. Онлайн режимде аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансап орталықтарының директорлары қосылды.
Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және отбасының цифрлық картасын іске асыру жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1197266?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау