Қарағанды қаласында “Есірткіге қарсы бірге күресейік” ұранымен кең ауқымды есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды.
Іс-шараны қалалық полиция басқармасы өткізіп, оның басты мақсаты — жастар арасында есірткіге қарсы берік ұстаным қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамды есірткі құқықбұзушылықтардың алдын алуға жұмылдыру болды.
Акцияға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 500-ден астам студенті, сондай-ақ еріктілер мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.
– Іс-шараның негізгі бағыттарының бірі — есірткі жарнамасын жою. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде тыйым салынған заттарды таратуға арналған интернет-ресурстарға сілтемелері бар 2 мыңнан астамесірткі граффитиі боялып, жойылды, – деді Қарағанды қалалық полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин.
Сонымен қатар акция аясында тұрғындармен кең көлемді түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қала тұрғындарына есірткінің зияны, есірткі қылмыстарға қатысқаны үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ олардың таралуына қарсы іс-қимыл жолдары түсіндірілді. Ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Полиция акцияға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытқан барша қатысушыларға алғыс білдіреді.
– Есірткі қылмыстарының алдын алу және оларға қарсы күрес жұмыстары өңірде жүйелі түрде жалғасын табады, – деді Шахназар Салин.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1197040?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау