Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы ДСҰ өңірлік бағдарламасын іске қосты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 8 сәуір – Астанада Kazakhstan Central Asia Program (KCAP)бағдарламасын іске асыру басталды. Бұл – Орталық Азия мемлекеті бастамашылық еткен Дүниежүзілік сауда ұйымы тарихындағы алғашқы өңірлік техникалық көмек және ынтымақтастық бағдарламасы.

Бағдарламаның іске қосылуы Қазақстанның көпжақты сауда жүйесіне қатысуындағы сапалық жаңа кезеңді білдіреді: ел халықаралық техникалық көмекті алушы мәртебесінен донор, сараптаманы экспорттаушы және ДСҰ шеңберіндегі өңірлік құзырет орталығы рөліне көшуде.

KCAP аясындағы алғашқы іс-шара 2026 жылғы 8–10 сәуір аралығында Астанада өтіп жатқан ДСҰ-ның «ДСҰ шеңберіндегі транспаренттік пен нотификация тетіктері» атты өңірлік семинары болды. Семинарды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, ДСҰ Хатшылығы мен Азия даму банкінің қолдауымен ұйымдастырды.

Ашылу рәсімін Қазақстан Республикасының ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, ДСҰ Сауда саясатын шолу органы Төрағасы Қайрат Төребаев басқарды.

Семинар жұмысына Орталық Азия елдері мен өңір мемлекеттерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ жетекші халықаралық сарапшылар қатысты. Олардың қатарында ДСҰ-ның Дайындық және техникалық ынтымақтастық институтының Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ бойынша өңірлік кеңсесінің басшысы доктор Кенза Ле Ментек, ДСҰ сарапшысы Али Усман Хилджи мырза, сондай-ақ Азия даму банкінің сарапшылары доктор Роландо Авендано мен доктор Роман Могилевский бар.

Семинар барысында ДСҰ нотификацияларына қойылатын талаптар мен рәсімдер, ұйымның цифрлық құралдары, қызметтер саудасы мен ауыл шаруашылығы, техникалық реттеу және зияткерлік меншік мәселелері талқылануда.

KCAP бағдарламасын іске асыру Астананың халықаралық сауда саласындағы өңірлік хаб және ДСҰ сараптамасының орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады. Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Орталық Азия елдерін жаһандық сауда жүйесіне интеграциялауда дәнекер рөл атқарып, тиімді сауда саясатын қалыптастыру мен өңірдің мемлекеттік органдарының әлеуетін арттыруға жәрдем көрсетеді.

Қазақстан ашық, инклюзивті және ережелерге негізделген көпжақты сауда жүйесінің қағидаттарына адалдығын растай отырып, оны нығайтуға және заманауи жаһандық экономикалық шындықтарға бейімдеуге белсенді түрде қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1196834?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version