Келіссөздер барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Корей ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралды.
Стратегиялық әріптестікті нығайтуға және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара мүдделілік расталды.
Талқылау корей компанияларының атом энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға қатысуын, сондай-ақ ядролық отын циклі, ғылыми зерттеулер және кадрлар даярлау саласындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын қамтыды.
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ озық халықаралық стандарттарды қолдану және саланы реттеу саласында тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Министр Ким Чон Кван корей тарапының Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін растады және бірлескен бастамаларды іске асырудың жоғары әлеуетін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом саласын дамытуға және екіжақты әріптестікті нығайтуға бағытталған сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1197036?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау