Әлеуметтік саладағы заң мен тәртіп Әлеуметтік кодекспен реттеледі, дербестендірілген көмек көрсету, зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруды қоса алғанда. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың қарапайымдылығы іс-қимылдардың ашықтығын және азаматтардың сұрау салуларына жылдам жауап беруді қамтамасыз етіледі.
Сонымен, қазіргі уақытта халыққа мемелекеттік әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде оның бір бөлігі проактивті түрде – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы орындалады. Бұл мемелекеттік қызметтер – бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (2025 ж.-6663); бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (2025 ж.-681); “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін тағайындау (2025 ж.-182) және басқалар.
Сонымен қатар, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті “Халық заңгері” акциясы шеңберінде, «Ашық есік күні» (2025 ж. – 3) халыққа консультациялар жүргізеді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департамент тұрақты түрде өтініштерді қабылдайды және азаматтарды қабылдауды өткізеді (2025 жылы 545 азаматтар қабылданды, 1135 өтініштер өңделді).
Халықпен жұмыс істеудің басты мақсаты – заң әркімнің игілігі мен қорғаушысы деген түсінікті қалыптастыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1197139?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау