Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық келісім

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық келісім (әрі қарай- Келісім) 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енді.

Келісім азаматтық тұлғаларға зейнетақы төлемдерін тағайындау бөлігінде қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді.

Ынтымақтастық зейнетақы саласында – бұл еңбек өтілін өзара есепке алу, сондай-ақ әскери қызмет және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және арнаулы орта білім беру ұйымдарында оқу кезеңдерін еңбек өтілінде есепке алу.

Келісімде сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша ынтымақтастықтың жаңа түрі көзделді.

Мәлімет үшін хабарлаймыз, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушыға 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін Моңғолия үкіметіндегі әскери қызметі және оқу кезеңдерін ескере отырып бұрынғы жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өзгерту, жүргізілген арттырулар ескеріле отырып Қағидалардағы 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылатының хабарлаймыз (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы»).

Бұл Келісім екі мемлекеттің азаматтарының әлеуметтік кепілдіктерін нығайтып, зейнетақы құқықтарын аттырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1197528?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version