Бүгін Түркістан қаласы әкімі аппаратына қарасты Азаматтарды қабылдау орталығында «Қызмет алушылар күні» өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Амандық Нұрлан Анарбекұлы және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жұматай Ернұр Жұматайұлы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіріп, жеке қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1196789?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау