Штормовое предупреждение о сильных осадках, грозе

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Казгидромет ұсынған дауылды ескерту негізінде хабарлайды:

10 сәуір күні Алматы қаласында жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Іле Алатауы таулы аймақтарында (Бостандық және Медеу аудандары):
күндізгі уақытта — жаңбыр мен найзағай;
түнгі уақытта — қарға ұласатын қатты жауын-шашын күтіледі.
Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қала тұрғындары мен қонақтарына:
қолайсыз ауа райы кезінде тауға барудан бас тарту;
ағаштар мен әлсіз бекітілген құрылымдардың жанында тұрмау;
автокөліктерді электр желілері астына қоймау;
қауіпсіздік шараларын сақтап, ресми ақпараттарды қадағалау ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1197592?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version