Степногорск қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі 66 азаматтың құқықтарын қалпына келтірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Степногорск қаласының прокуратурасымен инватакси қызметтерін ұйымдастыру барысында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарының бұзылуы анықталды.

Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, арнайы тасымалдау қызметі тәулік бойы, оның ішінде түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері жүзеге асырылуы тиіс.

Алайда, 2024–2025 жылдары мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде қала әкімдігі тарапынан конкурс құжаттамасында аталған міндетті талаптар көзделмеген.

Аталған талаптардың болмауы 66 азаматтың, оның ішінде 13 кәмелетке толмаған баланың құқықтарын бұзып, олардың еркін жүріп-тұруына және медициналық әрі өзге де қажетті көмекке уақтылы жүгінуіне кедергі келтірген.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылды, құжаттама мен шарттар заңнама талаптарына сәйкестендірілді, инватакси қызметінің тәулік бойы жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғау жұмысы қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1196906?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version