Ең жиі кездесетін қоздырғыштар — бактериялар (мысалы, сальмонеллалар, ішек таяқшасы), вирустар, токсиндер және химиялық заттар.
Тағамнан уланудың себептері:
1. Мерзімі өткен немесе дұрыс сақталмаған өнімдерді тұтыну.
2. Тағам дайындау кезінде гигиена ережелерін сақтамау.
3. Тағамды пісіру және сақтау кезінде температуралық режимді бұзу.
4. Күмәнді көздерден алынған суды пайдалану.
5. Тасымалдау және сату барысында өнімдердің ластануы.
Тағамнан улану келесі белгілермен көрінеді:
жүрек айну және құсу;
іш өту;
іштің ауыруы;
дене қызуының көтерілуі;
әлсіздік пен бас ауруы.
Белгілер ластанған тағамды жегеннен кейін бірнеше сағаттан бір тәулікке дейінгі уақыт аралығында пайда болуы мүмкін.
Тағамнан уланудың алдын алу үшін қарапайым, бірақ маңызды ережелерді сақтау қажет:
1. Жеке гигиена: Тамақтанар алдында, дәретханадан кейін және ас дайындау кезінде қолды сабынмен мұқият жуу, таза ас үй құралдары мен ыдыстарды пайдалану.
2. Өнімдерді дұрыс сақтау: Тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта +4 °C-тан аспайтын температурада сақтау, жарамдылық мерзімін сақтау, ерітілген өнімдерді қайтадан мұздатпау.
3. Жылумен өңдеу: Етті, балықты, жұмыртқаны толық қуырып немесе қайнатып пісіру, жануар тектес шикі немесе шала піскен өнімдерді тұтынбау.
4. Қауіпсіз су мен өнімдер: Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану, көкөністер мен жемістерді ағынды судың астында мұқият жуу.
5. Қоғамдық тамақтануда сақтық: Күмәнді тамақтану орындарында тамақтанбау, дүкендер мен базарларда өнімдердің сақтау жағдайына назар аудару.
Улану кезінде не істеу керек:
Мүмкін болса, асқазанды шаю;
Сорбент қабылдау (мысалы, белсендірілген көмір, энтеросгель);
Сусызданудың алдын алу үшін көп мөлшерде су ішу;
Ауыр белгілер байқалса немесе улану балалар мен қарт адамдарда болса — дереу дәрігерге жүгіну.
Тағамнан уланудың алдын алу оны емдеуден әлдеқайда оңай. Гигиенаның қарапайым ережелерін және тағамды дұрыс термиялық өңдеуді сақтау — денсаулығыңызды қорғаудың сенімді жолы.
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1196876?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау