Таразда синтетикалық есірткіні жасырын таратқан әйел ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таразда синтетикалық есірткіні жасырын таратқан әйел ұсталды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы әйелді ұстады.

Жеке тінту кезінде одан өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған зип-пакеттер табылып, тәркіленді. Кейін оның тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында жатын бөлмесінен де осындай орамалар, электронды таразы және есірткіні өлшеп, орауға арналған өзге де құралдар алынды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел әлеуметтік желілер арқылы жұмыс туралы хабарландыруды көріп, кейін есірткі заттарын таратуға байланысты заңсыз қызметпен айналысуға келіскен. Ол жасырын орындардан есірткіні алып, оны бөлшектеп орау және Алматы мен Тараз қалалары аумағында «жасырын орындарға» орналастыру міндетін орындаған.

Жалпы алғанда, ұсталған азаматшадан 122 грамм 86 миллиграмм «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1197065?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version