Бүгінгі күні Сыр өңірінде Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуына ерекше назар аударылуда.
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Қызылордада полиция қызметкерлері халықтың экологиялық мәдениетін арттыру және өңірдегі елді мекендерде тазалықты сақтау бойынша жұмысқа белсене араласуда. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – азаматтардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және абаттандыру саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Қызылорда ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөліністері ұйымдастырушылық-талдамалы бөліністермен бірлесіп, арнайы жұмыс тобын құрды.
Оның ішінде учаскелік полиция инспекторларымен өздерінің қызмет ететін аумақтарында стихиялық қоқыс орындарын және оның пайда болу көздерін анықтау бойынша жұмыстар атқарылуда.
Бағдарлама басталғалы полиция қызметкерлерімен 22 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Бақылау шараларымен қатар полицейлер түсіндіру жұмыстарына да назар аударуда. Әкімшілік учаскелерде тұрғындармен тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері сенбіліктер мен экологиялық акцияларға қатысу арқылы көпшілікке үлгі болуда. Жергілікті атқарушы органдардың, жастар ұйымдарының өкілдерімен және еріктілермен бірлесіп аумақтарды тазалау және көгалдандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1196865?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау