Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы креативті индустрия саласындағы халықаралық әріптестігін кеңейтіп келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Ресей Федерациясының «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университетімен және «Яндекс Қазақстан» компаниясымен үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында академия студенттеріне Жоғары экономика мектебі жанындағы Кино институтының 15 онлайн бағдарламасы бойынша тегін білім алу мүмкіндігі берілді.

Сонымен қатар кино саласында сұраныс бар бағыттар бойынша арнайы курстардан өтуге жол ашылды.

Әріптестіктің негізгі мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, цифрлық технологиялар мен креативті индустрия саласындағы заманауи білімге қолжетімділікті кеңейту.

Бұл ынтымақтастық жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуге және жас мамандарды кино саласы мен шығармашылық бағытқа тартуға бағытталған.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1197157?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version