ТӨРТКҮЛ АУМАҒЫНДАҒЫ ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Аудан әкімі Азат Оралбаев Төрткүл ауылдық округіне қарасты Қызылжар елді мекеніне арнайы барып, бірқатар маңызды нысандарды аралады .

✔️Алдымен аудан басшысы ауылдағы ауызсу мәселесіне қатысты нысандардың жұмысымен танысты. Жергілікті тұрғындар
дың талап-тілегі бойынша осы тұрғыдағы түйткілді мәселені саралап, жауапты сала басшыларына жүйелі тапсырмалар берді.

✔️Сапар барысында көпқабатты тұрғын үйлер ауласының жай-күйі де назардан тыс қалмады. Аудан әкімі жауаптыларға абаттандыру жұмыстарын күшейтіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтты.

✔️Сонымен қатар, Елшібек батыр ауылында жаңадан салынып біткен мектеп ғимараты да арнайы қаралды. Бүгінде білім ордасына қажетті құрал-жабдықтар жеткізіле бастаған. Мектеп аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар мен гүлдер егіліп жатыр. Бұл өз кезегінде жаңа оқу жылында оқушылар үшін қолайлы әрі заманауи орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1196829?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version