ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘДЕНИ-ЗИЯТКЕРЛІК ЖОБАЛАР ЖАНДАНАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан КВН одағының президенті Есентүгел Елеукенмен кездесті.
Кездесуде облыста жайдарман ойындарын дамыту, жастар саясатын ілгерілету және шығармашыл жастарға қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Тараптар КВН қозғалысының жастар тәрбиесіндегі маңызын атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Сонымен қатар алдағы уақытта облыс көлемінде ұйымдастырылатын мәдени-танымдық іс-шаралар мен республикалық деңгейдегі ойындарды өткізу мәселелері сөз болды.
Кездесу соңында өзара ынтымақтастықты нығайту және нақты жобаларды жүзеге асыру бағытында келісімдерге қол жеткізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1197159?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version