Түркістан қаласындағы №22 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Азамат Алмасбайұлы, Ербол Алтынбайұлы, Еламан Әлібекұлы және Қазбек Жабайқалиұлы қатысты. Жалпы кездесуде 120 оқушы қамтылды.
Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, интернет-алаяқтықтан қорғану, сондай-ақ есірткі заттарының зияны мен оның салдары туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатысушыларға тақырыпқа қатысты бейнематериалдар көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Кездесу соңында тәртіп сақшылары жасөспірімдерді заң талаптарын сақтауға шақырып, құқық бұзушылықтың алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1197549?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау