ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Бүгінде Түркістан қаласындағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары қарқынды жүргізілуде. Түркістан қаласы әкімдігінің дербес бөлімдері, Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен «Тұран Су» МКК қызметкерлерінің қатысуымен қала аумағындағы су айдындарына мониторинг жүргізілді. Атқарылған жұмыстар барысында АТК каналы, Қарашық өзені, сондай-ақ саябақтардағы жасанды көлдер мен субұрқақтар аумағы тексерілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – жаз мезгілінде су айдындарында орын алуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алу.
Аралау барысында жауапты мекемелерге бірқатар тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, суға түсуге тыйым салынған қауіпті аумақтардағы ескерту белгілерін жаңарту және олардың санын арттыру. Сондай-ақ, АТК каналы мен Қарашық өзені бойында қауіпсіздік қоршауларын орнатуға орындарды белгілеу тапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
НА ВОДОЕМАХ ТУРКЕСТАНА УСИЛЕНЫ МЕРЫ БЕЗОПАСНОСТИ
Сегодня на водоемах города Туркестан активно проводятся мероприятия по безопасности. С участием сотрудников автономных отделов акимата города Туркестан, управления по чрезвычайным ситуациям города Туркестан и ГКП «Туран Су» проведен мониторинг водоемов на территории города. В ходе проведенных работ были обследованы канал АТК, река Карашык, а также территория искусственных озер и фонтанов в парках. Основная цель данного мероприятия – профилактика несчастных случаев, которые могут произойти на водоемах в летний период.
В ходе посещения ответственным учреждениям был поставлен ряд поручений. В частности, обновление предупреждающих знаков на опасных территориях, где запрещено купаться, и увеличение их количества. Также было поручено установить места для установки защитных ограждений вдоль канала АТК и реки Карачак. Работа в этом направлении будет продолжена и в дальнейшем на системной основе.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1197125?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау