Жекешелендіру нысандары бойынша жария тыңдаулар өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласы әкімдігі мемлекеттік мүлікті жекешелендіру аясында бірқатар нысандар бойынша жария тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.

Атап айтқанда, келесі объектілерді жекешелендіру бойынша сату қағидаларын бекіту мәселесі қаралатын болады:

  • «Гранит» демалыс базасы
  • «Банковец» демалыс базасы
  • Алматы темір жолының электрлік орталықтандыру кенті

Жария тыңдаулардың мақсаты – жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын ашық талқылау, қоғам өкілдерінің пікірін ескеру және процестің айқындылығын қамтамасыз ету.

Тыңдаулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ашық форматта өткізіледі. Барлық мүдделі азаматтар мен ұйымдар қатыса алады.

Өткізу күні, уақыты және орны туралы қосымша ақпарат Қонаев қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/1197387?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version