🔰 ОТЫРАР: «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ АЙЛЫҒЫ» АЯСЫНДА «САУТС-ОЙЛ» ЖШС-НІҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Еңбекті қорғау айлығы шеңберінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында және бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес бүгін Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сыздықов Нұрбек Отырар ауданында орналасқан «Саутс-Ойл» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
Жүргізілген тексерудің нәтижесінде Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Нұрбек Әбдібекұлы “Еңбекті қорғау айлығына” орай үстіміздегі жылдың 28 сәуір күні өткізілетін жоспарлы іс-шараларға шолу жасау мақсатында «Саутс-Ойл» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
 
Кездасу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы, бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыру, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібін ұйымдастыру мәселелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1198499?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version