2025 жылдың қорытындысы бойынша судья кадрларының жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманың жайлы.
Жоғары Сот Кеңесі судьялар корпусын дамытуға бағытталған жүйелі тетіктерді қалыптастыруға ерекше назар аударды.
Кадрлық резерв судьялардың мансаптық өсуінің негізгі құралына айналды.
Бұрын резервке іріктеу рәсімдері екі жылға дейін созылатын болса, бүгінде бұл процесс бірнеше ай ішінде жүзеге асырылады және жылына екі рет өткізіледі.
2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша кадрлық резервте 149 судьядан тұратын пул қалыптастырылды.
Нәтижесінде резерв нақты жұмыс істейтін тиімді тетікке айналды: 47 судья жоғары тұрған және басшылық лауазымдарға тағайындалды. Ал алдыңғы екі жылда бұл көрсеткіш небәрі 9 болған.
Судьяларды даярлаудың бірыңғай жүйесі қалыптастырылды. Сот төрелігі академиясын Жоғары Сот Кеңесінің қарауына беру оқытудан бастап тағайындауға дейінгі және одан әрі кәсіби дамуды қамтитын үздіксіз модель құруға мүмкіндік берді.
Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың өкімімен 2025 жылы алғаш рет Академияны дамытудың 2025–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді:
- ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантура ашылды
- алғаш рет мемлекеттік аттестаттау өткізілді
- халықаралық аккредитациядан өтті
Қосымша жаңа тәсілдер енгізілді:
Академияның үздік түлектеріне тағайындау кезінде басымдық беріледі, оның ішінде бос лауазымдарды таңдау және шалғай өңірлердегі соттарға жіберілу мүмкіндігі қарастырылған.
Жоғары Сот Кеңесінің институционалдық тәуелсіздігі күшейтілді.
Заңнамалық өзгерістер аясында:
- Кеңес құрамынан Бас Прокурор шығарылды
- алғаш рет құрам саны бекітілді — судьялар мен заңгерлік қоғамдастық өкілдерінің теңгерімі сақталған 16 мүше
Бұл ықтимал мүдделер қақтығысын азайтуға және судьялардың тәуелсіздік кепілдіктерін күшейтуге мүмкіндік берді.
Келесі кезең — кадрлық процестерді цифрландыру.
Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу бойынша «Бос орындар», «Судьялар тізілімі» және «Соттар тізілімі» модульдерін қамтитын жеке ақпараттық жүйені әзірлеуде.
Жүйені пилоттық пайдалануға енгізу 2026 жылғы шілдеге жоспарланған.
Цифрландыру мыналарды қамтамасыз етеді:
- рәсімдердің ашықтығын
- мерзімдердің қысқаруын
- кадрлық шешімдердің объективтілігін
Осылайша, Жоғары Сот Кеңесі меритократия қағидаттарына негізделген, тәуелсіз әрі орнықты судьялар корпусын қалыптастыруға бағытталған заманауи кадрлық жүйені жүйелі түрде дамытып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1197946?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау