2026 жылғы 10 сәуір күні Байғанин аудандық мәслихатының тұрақты комиссия төрағасы Нұрлан Ахтанұлының төрағалығымен тұрақты комиссия отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырысқа мәслихат төрағасы Марғұлан Сержан, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Төлеген Молдабеков, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды:

«2026–2028 жылдарға арналған Ащы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №348 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
«2026–2028 жылдарға арналған Қарауылкелді ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №351 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
«2026–2028 жылдарға арналған Көлтабан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
«2026–2028 жылдарға арналған Миялы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №355 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
«2026–2028 жылдарға арналған Сартоғай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №356 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Басқа да мәселелер.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті қаулылар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayganin/press/news/details/1198086?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version