Аягөз ауданының прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу саласындағы заңнаманың сақталуына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмысына талдау жүргізді.
Анықталғандай, мұндай 31 тауар түрінің 10 позициясы бойынша кәсіпкерлер өнімдерді шекті бағадан жоғары бағамен сатқан. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылау қамтамасыз етілмеген.
Аудан прокуратурасының қабылдаған шаралары нәтижесінде бағаны тұрақтандыру жұмыстары жанданды, мониторинг күшейтілді, кәсіпкерлермен тауар бағасын негізсіз көтермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, дүкендердің бірімен өнімдерді шекті бағадан 10–15% төмен бағамен сату туралы келісімге қол жеткізілді.
Үш дүкен иесі белгіленген бағадан 15%-дан астам асырып сатқандығы үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1198192?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау