2026 жылғы 3 наурызда мемлекеттік еңбек инспекторы А.В. Сергеев «ӘДІЛ» басқарушы компаниясы» ЖШС-да түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еңбек қатынастарын тиісті түрде ресімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жұмыскерлер мен жұмыс беруші өкілдеріне еңбек шарттарын жасасу, бейресми жұмыспен қамтуға жол бермеу, сондай-ақ әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді.
Маусымдық дала жұмыстары қарсаңында өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге ерекше екпін қойылды. Қатысушыларға техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау, нұсқамаларды уақытылы өткізу, жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету және жұмыстардың қауіпсіз орындалуын бақылау қажеттілігі туралы ескертілді.
Сонымен қатар, өндірістік жарақаттанудың себептері мен оның алдын алу мәселелері қаралып, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы айтылды. Жұмыс беруші, сондай-ақ әріптестер тарапынан болатын қысым мен мәжбүрлеудің түрлі нысандарына, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1198450?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау