Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдары аяқталды. Қазір Қазақстан қоржынына 6-шы алтын жүлде түсті.
Аса ауыр салмақтағы қазақ боксшысы Айбек Оралбай (+90 кг) Қытай өкілі Данабек Байқоныспен айқасып, үстем түсті. Есеп: 5-0.
Айбек былтыр осы салмақта әлем чемпионатында топ жарған. Сонымен қатар бұл – отандасымыздың ересектер арасында құрлық додасындағы үшінші алтын медалі (2022, 2024 және 2026 ж).
Ол Ұлан-Батырда ширек финалда Арман Махановты (Өзбекстан), сосын Довлет Исламовты (Түркменстан) айқын басымдықпен ұтқан.
Осылайша, еліміздің ерлер командасы Азия чемпионатын 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен аяқтады. Бүгін -60 кг салмақта бақ сынайтын Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов (-75 кг), Нұрбек Оралбай (-85 кг) алтын медаль олжалады. Ал Төрехан Сабырхан (-70 кг) күміс еншіледі. Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг) пен Сағындық Тоғамбайда (-90 кг) қола медаль бар.
Кеше әйелдер арасындағы финалдар өткен. Оның нәтижесінде Надежда Рябец (-80 кг) пен Дина Исламбекова (+80 кг) алтыннан алқа тақса, Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс жүлдегер атанды. Ал Айгерім Сәттібаева (-48 кг) мен Валентина Хальзова (-75 кг) өз салмағында 3-орын алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1198254?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау