«АНА ДАҢҚЫ – ЕЛ ДАҢҚЫ» АТТЫ БАТЫР АНАЛАРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Мәдениет ауылында «Ана даңқы – ел даңқы» тақырыбында «Алтын алқа» иегерлері,көп балалы аналармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Қоғамдағы ананың рөлін дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау және көпбалалы аналардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатындағы басқосуға аудандық «Жалағаш Достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Мирман аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Дана Сабырбай, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айқын Бектасқызы және аудандық аналар кеңесінің төрайымының орынбасары Күлдаш Тоқпанбетова және аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында сөз алған Дина Мирман бұл кездесудің маңыздылығына тоқталып, батыр аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Ол көпбалалы аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі мен олардың елдің рухани дамуына қосып отырған үлесі зор екенін жеткізді.

Тағылымды кездесуде батыр аналарға құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталып, аналар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Басқосу барысында Мәдениет ауылының батыр аналары, жеті бала тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» иегерлері Рита Есназарова, Айгүл Ерназарова және Замира Құлбаева сөз сөйлеп, ананың отбасындағы және қоғамдағы рөлі, ұрпақ тәрбиесінің маңызы туралы ойларымен бөлісті.

Шара соңы Мәдениет ауылдық клубының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-madeniet/press/news/details/1198413?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version