Аса қауіпті инфекция анықталған жағдайдағы санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 09 сәуірде күні сағат 15:30-да Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Ақтөбе станциясының санитариялық-карантиндік тұйығында оқу-жаттығу өткізді. Іс-шара Ақтөбе облысында 2022–2026 жылдарға арналған инфекциялық аурулардың (оба, тырысқақ) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың кешенді жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Оқу-жаттығудың мақсаты — аса қауіпті инфекциялық ауруға күдікті жағдай анықталған кезде мүдделі қызметтердің дайындығын тексеру. Оқу-жаттығуға облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, жедел жәрдем қызметі, Ақтөбе обаға қарсы станциясы, Ұлттық сараптама орталығы, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі, әскерилендірілген теміржол күзеті, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері қатысты. Легендаға сәйкес, пойыз жолаушысынан аса қауіпті инфекцияға күдікті белгілер анықталғаны туралы ақпарат түсті. Шартты науқас бар вагон санитариялық-карантиндік тұйыққа шығарылып, оқшауланды және күзет қамтамасыз етілді. Құрылған топтар (кеңес беру, эпидемиологиялық, эвакуациялық және дезинфекциялық) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізді: шартты науқас оқшауланып, инфекциялық ауруханаға жеткізілді, байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды, вагонға қорытынды дезинфекция жасалды. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қадағалаушы және уәкілетті органдар барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын атап өтті. Жалпы баға — «жақсы».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1198723?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version