Борыштық бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздардың шығып қалуынан алынатын нəтиже оң немесе теріс мəнге ие болуы мүмкін жəне салықтық кезеңде шығып қалудың əрбір операциясы бойынша мынадай тəртіппен айқындалады:
-өткізу кезінде – бағалы қағазды өткізу құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма;
-жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – бағалы қағаздың жарғылық капиталға салым ретінде берілген құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма;
-заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нəтижесінде шығып қалған кезде – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген бағалы қағаздың құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1197989?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау