Батыс Қазақстан облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық штабтың командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысында террористік сипаттағы қауіптерге ден қоюға дайындықты арттыруға бағытталған терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық жедел штабтың командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.
Оқу-жаттығулар барысында жедел топтар басшыларының білімі, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылға тартылған күштер мен құралдардың дайындығы тексерілді.
Бөлімшелерді әртүрлі дайындық деңгейіне келтіру, хабарлау және жинауды ұйымдастыру, сондай-ақ жедел басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқу-жаттығулар шартты дағдарыстық жағдайды модельдеу арқылы теориялық форматта өтті. Қатысушылар мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады.
Сонымен қатар, облыстық жедел штаб мүшелеріне іс-қимылды үйлестіру және жоспарлау құжаттарын жетілдіру мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.

 

Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1198817?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version