“Халықаралық волонтерлер жылы” аясында игі іс жалғасуда!
«Jetisu jastary» КММ-нің «Alakol jastary» филиалы және
«Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысының ұйымдастыруымен волонтерлік шара өтті.
Шара барысында Үшарал қаласының тұрғыны, жалғызбасты қарт апамызға көмек көрсетіліп, ауласы шөптерден тазартылды. Сонымен қатар, күнделікті тұрмысына қолдау көрсетіліп, Алакөл көпсалалы колледжінің еріктілері тарапынан жан-жақты көмек ұйымдастырылды.
Бұл – жастардың үлкендерге деген құрметі мен қамқорлығының жарқын көрінісі.
Осындай игі істер жалғасын таба берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1198180?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау