КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАСБЕТІ МЕН СЫРТҚЫ ЖАРНАМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР БОЙЫНША РЕЙД ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында орталық көшелердің бірінші желісінде орналасқан кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін сәулеттік талаптарға сәйкестендіру мақсатында қала аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, тиісті мониторинг және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында нысандардың сыртқы келбеті, маңдайша жазулары мен жарнамалық құралдарының қолданыстағы талаптарға сәйкестігі зерделенді.
Рейд қорытындысы бойынша бірқатар нысандарда сыртқы жарнама элементтерін орналастыруда белгіленген нормалардың сақталмағаны анықталып, кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, рұқсатсыз орнатылған маңдайшалар мен баннерлер бойынша ескерту беріліп, оларды заңнамаға сәйкестендіру қажеттігі айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1197774?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version