КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 2 сәуірде Шет ауданында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» санаты бойынша бірінші кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 20 қызметші қатысты.
Жобаның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында оқу мәдениетін дамыту, зияткерлік деңгейін арттыру және әдебиетке деген тұрақты қызығушылық қалыптастыру.
Қатысушылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетті: оқыған шығармаларды терең түсіну, аналитикалық ойлау және өз пікірін нақты, дәлелді жеткізе білу.
Бірінші кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды, олар жобаның келесі кезеңіне жолдама алып, облыстық турда қаланың намысын қорғайтын болады.
1 орынды Жиенбаева Дәметкен Рыспбаевна- Батық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2 орынды Иргимбаева Балшекер Амиртаевна-Кеншоқы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
3-орынды Есимгалиева Райхан Аленовна- Ақадыр кенті әкімі аппаратының бас маманы ие болды.
Барлық қатысушыларға белсене қатысқаны үшін Алғыс білдіреміз.
Қатысушыларды лайықты өнер көрсеткендерімен құттықтаймыз және келесі кезеңде сәттілік тілейміз!
📖 Кітап оқу — тұлғалық дамудың негізі әрі кәсіби өсудің кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1198037?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version