Конституциялық Сот әскери қызметшілерге тұрғынжай төлемдерін тағайындау ерекшеліктерін түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сотқа «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның және әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету қағидалары нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті. 

Өтініш беруші Шекара қызметінде қызмет өткерген және қызмет ету кезеңі үшін біржолғы тұрғынжай төлемін тағайындауға өтініш жасаған. Соттар әскери қызметшінің тұрғынжайға мұқтаж деп танылған сәттен бастап, тиісті рапорт негізінде төлем алу құқығы туындайтынын анықтады.

Конституциялық Сот азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы конституциялық норма жеке төлем алуға құқықты тікелей бекітпейтінін, ал бұл мәселені заң арқылы реттеуді көздейтінін атап өтті. Өтініштің уәждері негізінен нақты жағдайда нормалардың қолданылуымен келіспеушілікке негізделген, ал төлемдер жүйесінің өзі қаражатты тағайындау мен берудің тәртібін белгілей отырып, мемлекет пен азаматтардың мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1197958?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version