Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2026 жылдың І-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, бақылауға жататын міндеттеме талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Д.Калымов, М.Губайдуллин, С.Төлегенов Мақат ауданында орналасқан «ЕмбіМұнайГаз» акционерлік қоғамы «Доссормұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасында профилактикалық бақылау жүргізді.
Тексеру барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары «ЕмбіМұнайГаз» акционерлік қоғамы «Доссормұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасы қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына және жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1198114?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау