Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологтары №31 толық емес орта мектеп және КММ «№26 мектеп-балабақша» оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара психологиялық тренинг элементтері бар әңгіме форматында ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты-жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ зайырлы мемлекет қағидаттарын түсіндіру және оларды құрметтеуді қалыптастыру болды.
Талқылау барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар діни әртүрлілік мәселелері қозғалып, түрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығы атап өтілді.
Практикалық бөлімде қатысушылар радикалды және толерантты көзқарастарды ажыратуды үйренді. Оқушылар түрлі мысалдарды талдап, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу тәсілдерін талқылады.
Кездесу интерактивті түрде өтті: оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Мамандардың айтуынша, мұндай ашық диалог алаңдары құқықтық мәдениетті нығайтып, сыни ойлауды дамытуға оң ықпал етеді.
Материал Солтүстік Қазақстан облысы АТК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалған
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1198827?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау