Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы А.Досжанов мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жаңа талаптарға сапалы әрі уақытылы бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарында мектепке дейінгі ұйым басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында:
– мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау тәртібі;
– №473 бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптары және №483 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
– біліктілік талаптары мен қажетті құжаттар тізбесі;
– 2027-2029 жылдар аралығында мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметін лицензиялау кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы, оқу-әдістемелік кешендермен қамтылуы, педагогтердің біліктілігіне қатысты нақты талаптар талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1198750?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау