“Мұнаймаш” АҚ кәсіпорнына экскурсия

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған айлық аясында,

ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаментімен жоғары құрылыс – экономикалық колледж студенттері үшін “Мұнаймаш”АҚ кәсіпорнына экскурсия ұйымдастырылды.

Студенттермен өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқаулық өткізілді.

Экскурсия барысында қатысушылар кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысуға мүмкіндік алды. Зауыт мамандары “Мұнаймаш” АҚ қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып, цехтардың жұмысын, технологиялық жабдықтарды және өнімді дайындау кезеңдерін көрсетті. Студенттер өндірістің іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын, қандай заманауи технологиялар қолданылатынын және кәсіпорын қандай өнімдер шығаратынын көрді.

Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға кәсіпорын мамандарынан толық жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1198422?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version