Өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты. Облыс әкімі Қызылжар және Есіл аудандарының, Петропавл қаласының, сондай-ақ Сергеев су қоймасының аумағына аэровизуалды мониторинг жүргізді.
Сергеев су қоймасындағы бірінші толқынның шарықтау шегі 7 сәуірге сәйкес келді, су деңгейі 122 см-ге жетті. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп жатыр, бүгінгі көрсеткіш – 99 см.
Алдағы күндері бірінші толқын Есіл және Қызылжар аудандары, сондай-ақ Петропавл қаласы арқылы өтеді. Бүгін қалалық гидроторапта шандорларды толық ашу және нысанды транзиттік режимге көшіру жоспарлануда.
Жағдай тұрақты бақылауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1198689?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау