Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай алғаш рет Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдар өтіп жатыр.

Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған отандасымыз Нұрбек Оралбай (-85 кг) Жасурбек Юлдошевпен (Өзбекстан) кездесіп, жеңіске жетті. Есеп: 5-0.

Нұрбек осыған дейін 2022 жылы Амманда өткен сары құрлық чемпионатында қола медаль алған.

Енді Қазақстан құрамасы сапынан ақтық сында бір отандасымыз – Айбек Оралбай (+90 кг) қалды.

Бүгін -60 кг салмақта бақ сынайтын Оразбек Асылқұлов пен Сабыржан Аққалықов (-75 кг) алтын медаль олжалады. Осыдан кейін рингке көтерілген Төрехан Сабырхан (-70 кг) күміс медаль еншіледі. Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан (-55 кг), Ертуған Зейнуллинов (-65 кг) пен Сағындық Тоғамбайда (-90 кг) қола медаль бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1198211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version