Отбасы құндылықтары – экстремизм мен терроризмнің алдын алудың маңызды негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысында отбасы құндылықтарын ілгерілету, рухани тұрақтылықты нығайту және экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді. Іс-шараларға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Жезқазған қаласына жұмыс сапары аясында сарапшылар «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытының еңбек ұжымымен, облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлерімен, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен, сондай-ақ №62 түзету мекемесінде есепте тұрған азаматтармен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, «Отбасы – тәрбие бастауы, руханият тірегі» тақырыбында «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесулер барысында отбасының қоғамдағы рөлі, ұлттық және рухани құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ экстремизм мен терроризм идеологияларының қауіптілігі, интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттарды ажырата білу, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және ақпаратты дұрыс саралау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуге және экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейтуге ықпал етеді.

 

Материал Ұлытау облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1198822?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version