«Парыз 2026» байқауына өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы 2026 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлады.

Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін. Байқау қорытындысы жыл соңында шығарылады.

Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:

  • «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысуға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекке ақы төлеуді және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйелері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың барынша көп санын жұмысқа орналастыру және т.б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

  • «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»

Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады).

  • «Үздік ұжымдық шарт»

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

  • «Экологияға қосқан үлесі үшін»

Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады).

Сонымен қатар, конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.

Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2026 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады.

Осыған байланысты, Шахтинск қаласы мен Шахан, Новодолинский және Долинка кентінің  барлық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерін осы байқауға қатысуға шақырамыз.

Қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға келесі материалдардың екі данасын тапсыруы тиіс:

1) толтырылған өтінім;

2) өтініш берушінің өзінің белсенділік деңгейін және корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктегі нақты нәтижелерін өзіндік бағалауын білдіретін есебі;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың және басқа да құжаттардың көшірмесі);

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған толтырылған өтініш нысаны.

Толық ақпаратты Калинина көшесі, 17, 17 кабинет, 8 (72156) 3-59-47 телефоны бойынша орналасқан Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуға болады.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-shahtinsk/press/news/details/1198614?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version