Павлодар сервис және тамақтану колледжі студентінің «TAIQAZAN–2026» ІI Халықаралық кәсіби шеберлік фестивалінде ІІ жүлделі орны!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 7-10 сәуір аралығында Алматы қаласында «Алматы облыстық сервис және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің» ұйымдастыруымен «TAIQAZAN–2026» ІI Халықаралық кәсіби шеберлік фестивалі өтті.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет елдерден келген қатысушылар арасында Павлодар сервис және тамақтану колледжінің АК 1-47 тобының студенті Мейрамов Нурхан бақ сынасты. Нұрхан TQ-2 «Ет тағамдары» номинациясы бойынша жүлделі ІI орынға ие болды!

Студентті конкурсқа өндірістік оқыту шебері Арынова Ақмарал Кадыровна дайындады.

Фестивальдің құрметті қонақтары:
* Биекова Бақытжан Үмітбекқызы – «TALAP» КЕАҚ вице-президенті;
* Қайрат Ізбасарұлы Жұманов – Алматы облысы Білім басқармасының басшысы;
* Рашида Сезер – әлеуметтік серіктес, Мехмет Зеки Болджи атындағы Түрік қонақжайлылық индустриясы колледжі директорының орынбасары;
* Ronan LeciEux – Париждегі «Gullaume Tirel» француз колледжінің профессоры.

Шеберлеріміз бен студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз! Алдағы уақытта да тек жеңістер мен биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1198348?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version