“ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті” РММ мемлекеттік еңбек инспекторы А.У.Әбдірахманов Степногорск қаласының әкімдігінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысына қатысты. Отырыс барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Олардың қатарында – әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ жалақы бойынша берешекті мониторингтеу және оны азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар бар. Еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өндірістік объектілерді аттестаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1197896?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау