Қаланың көркін бұзатын заңсыз жарнамалық конструкциялар алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 сәуір күні қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қала аумағында, жол жиегінде рұқсатсыз орналастырылған жарнамалық конструкцияларды анықтау және жою жұмыстары жүргізілді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шығыс шағын ауданындағы орталық жолдардың бойында орналасқан, эстетикалық талаптарға сай келмейтін, қала келбетіне кері әсерін тигізетін бірқатар жарнамалық құрылымдар тәркіленіп, тиісті тәртіппен алынды. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Заң талаптарын бұза отырып орнатылған барлық жарнамалық конструкциялар кезең-кезеңімен анықталып, тиісті шаралар қабылданады.

Құрметті кәсіпкерлер! Қала ажарын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Осыған байланысты жарнамалық материалдарды орналастыру барысында қолданыстағы талаптарды қатаң сақтап, уәкілетті органдардан тиісті рұқсат алуды сұраймыз. Қаланың көркін бұзбай, ортақ мәдениет пен тәртіпті сақтауға шақырамыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1198695?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version