«Құқық кабинеті» — үйге жақын орналасқан заң көмегі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінде Тайынша қаласының тұрғындары үшін құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану әлдеқайда жеңілдеді. 

Қала әкімінің аппаратында өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы базасында орналасқан «Құқық кабинеті» жұмыс істейді. «Құқық кабинеті» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютермен жабдықталған. 

Оның көмегімен тұрғындар заңгерлік ақпаратты өз бетінше ала алады, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады.

«Құқық кабинеті» арқылы сондай-ақ келесі жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; электрондық үкіметтің eGov порталы; «ZanKomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АIЖО ААЖ); e-Otinish жүйесі және басқа да қызметтер. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жедел табуға, өтініштер мен сұрауларды электрондық түрде беруге, өтініштердің мәртебесін бақылауға, сондай-ақ кеңестік және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинетінде ақпараттық стенд орналастырылған, онда «Құқық кабинетінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинетінің» тиімді жұмыс істеуі үшін әкім аппаратының мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды. Қазіргі уақытта келушілер саны мен азаматтардың өтініштері бойынша мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — халықтың құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегіналуға қолайлы жағдай жасау.

Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті болып, әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akim-tainsha/press/news/details/1198099?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version